Қазақстандық Исламдық Қаржы Орталығы немесе ҚАЗИҚО блогына қош келдіңіздер!

Міндеті  

Халықаралық стандарттар бойынша исламдық қаржы саласында жоғары білікті жергілікті адами капитал даярлау.

Пайымы

Әлеуметтік өзара әрекеттестік және жекелеген исламдық қаржы құралдарын енгізу арқылы қоғамымыздың өзекті мәселелерін шешуге қатысу.

Бүгінгі таңда ҚАЗИҚО әлемдегі ең қажетті халықаралық  кәсіби бағдарламаларды ұсынатын Қазақстандағы алғашқы және жалғыз орталық болып табылады.

Біз жаһандық және өңірлік деңгейдегі Исламдық қаржы индустриясының жүйе құраушылары болып табылатын ұйымдастыру бағдарламаларын ұсынамыз. Исламдық қаржы саласындағы қазақстандық кәсіби мамандарының бастамасы бойынша негізі қаланған ҚАЗИҚО-ны Бахрейн, Малайзия, Судан, БАӘ және Туркиядағы Исламдық қаржы индустриясының әлемдегі ең үздік академиктері мен тәжірибешілдері қолдады. Бүгінде ҚАЗИҚО болашақта маңызды шешімдер қабылдайтындардың кәсібилігін арттыруға дайын. Сондықтан, біз қаржы секторының барлық мүдделі қызметкерлерін Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ  Исламдық қаржы саласының маманы болуға шақырамыз. Сондай-ақ, біздің орталықта Сіздер тіл мамандарымен бірге ағылшын, қазақ және араб тілдерінің қарқынды курсынан өте аласыздар, халықаралық емтихандарға дайындала аласыздар, ICDL компьютерлік сауаттылығының үздік курстарынан өте аласыздар және тағы басқалары. Исламдық қаржы жөніндегі заманауи маман болудың уақыты келгеніне сенімді бола отырып, ҚАЗИҚО Сіздерді бүгін бізге келуге шақырады және қолжетімді баға бойынша жоғары қызмет сапасына кепілдік береді.

ҚАЗИҚО консалтингтік блогы Қазақстан Республикасының қазіргі заңнамасы мен исламдық қаржының қағидаттарына толықтай сәйкес келетін және әлеуетті инвесторлар үшін табысты болатын исламдық қаржының дайын жеке құралдарын ұсынады.

Біз еліміздің және барлық қазақстандықтардың игілігі үшін бағытталған кез келген коммерциялық және әлеуметтік жобаларының тең құқылы шарттарындағы өзара тиімді ынтымақтастығына әрдайым ашықпыз.

about_txt